Ирақ үкіметі мен АҚШ-тың мәлімдеуінше, Ирақтағы ұлттық сайлау – көтерілісшілердің ойсырай жеңілгенін дәлелдеп берді. Алайда көтерілісшілер сайлауды мойындамай, АҚШ бастаған коалициялық күштерге және олармен ынтымақтастақан Ирақ үкіметіне қарсы “джиһад” күресін жалғастыра беруге ант-су ішті. Жексенбі күні Ирақтың уақытша премьері Айад Аллауи елдегі қантөгістің таяу болашақта тыйыла қоймайтынын мойындап, сайлауға қатысқан да, қатыспаған бүкіл халықты елдің болашағы үшін бірігуге шақырды. Ақ үйдің өкілі Скотт МакКленнанның мәлімдеуінше, сайлау - террористер мен олардың идеологиясының жеңіліс тапқанын айғақтады; АҚШ енді барлық назарын Ирақтың қауіпсіздік күштерін үйретуге бағыттайды.
С.МакКленнан (АҚШ): “АҚШ енді барлық назарын Ирақтың қауіпсіздік күштерін үйретуге бағыттайды”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты