Accessibility links

Я.Х.Схеффер (НАТО): “Ирақтың жаңа үкіметі құрамында барлық ұлт пен топтың өкілдері болуға тиіс”


Кеше НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер жексенбі болып өткен сайлаудың нәтижесінде Ирақтың жаңа үкіметі құрамында барлық топтың, оның ішінде сүнни мұсылмандары өкілдерінің де болғаны өте маңызды деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи атап көрсеткендей, сүнни мұсылмандарының сайлауға тым аз қатысуына қарамастан, Ирақтың жаңа үкіметі жасақталғанда, оның құрамында Ирақтағы барлық ұлт пен топтың өкілдері болуға тиіс”. Әлемнің жетекші елдерінің лидерлері Ирақтағы сайлауды халықтың жеңісі және терроризмнің жеңілісі деп бағалап отыр.
XS
SM
MD
LG