Accessibility links

Палестина президенті Түркияға келді


Палестина президенті Махмұд Аббас Түркияа келіп жетті. Алғашқы шетел сапарында ол алдымен араб елдерінде және Ресейде болған. Махмұд Аббас бүгін Анқарада президент Ахмет Неждет Сезер және бас министр Реджеп Тайып Ердоғанмен кездеседі. Түркия Палестина мен Израил арасында алтын көпір қызметін атқарайық деп отыр. Аббас осыдан үш апта бұрын билікке келгелі Таяу Шығыс қақтығысына тоқтау салынады деген үміт көбейе түсті.

Израиль қолбасшысы генерал Моше Яалон бүгін түркиялық әріптесі, генерал Хилми Өзкөкпен кездесті, олар әскери қатынасты күшейтуді талқылады.
XS
SM
MD
LG