Accessibility links

Душанбеде қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Тәжікстан астанасы Душанбеде қауіпсіздік мекемелері жоғары сақтық тәртібіне келтірілді. Кеше төтенше жағдай министрлігі жанында көлік бомбасы жарылып, жүргізушінің өзі қаза болған, мұның сыртында төрт адам жараланды. Бомба қандай тәсілмен жарылғаны әлі белгісіз, дегенмен Тәжікстан ресми орындары бұл террорлық шабуыл болуы мүмкін дейді. БҰҰ бас хатшысының Тәжікстандағы өкілі Владимир Сотиров бүгінгі сұхбатында алда келе жатқан парламенттік сайлауға не болмаса елдегі саяси жағдайға жарылыстың қатысы жоқ деп білемін деді. АҚШ елшілігі Тәжікстандағы американдық азаматтарға қайырылып, қатаң қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар деді.
XS
SM
MD
LG