Бүгін жаңа сайланған парламент сессиясында сөйлеген түркімен президенті сайлауға кем дегенде 3 үміткердің түсуі керектігін атап көрсетті. Оның айтуынша, президент сайлауын өткізуді Құдайдың өзі қалап отыр және сайлауға кем дегенде 3 не 4 үміткер түсетін болады. С.Ниязовтың мәлімдеуінше, конституцияға сәйкес, болашақ президенттер билікте 2 мерзім ғана отырады. Бірақ С.Ниязов президент сайлауының нақты мезгілін атаған жоқ. 1999 жылы Түркіменстанның мәңгі президенті деген мәртебе берілген С.Ниязов “президент сайлауын өткізу қажет” дегенді жиі аузына алып, бірақ сайлау өзінің 70-ке толатын жылы өтуі керектігін ескертумен келеді.
Түркіменстан президенті 2008 немесе 2009 жылы президент сайлауын өткізуді қалайтынын мәлімдеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?