Accessibility links

Грекия Сербия премьер-министріне жасалған қастандық бойынша ең басты күдіктіні Белградқа табыс етті


АФИНА: Грекия үкіметі Афина әуе жайында Сербия премьер-министрі Зоран Джинджичтің өміріне қарсы жасалған қастандық бойынша ең басты күдікті әрі куәгер болып табылатын Деян Миленковичті Сербия полициясының қолына табыс етті. Ол енді Белградқа жеткізіледі. Миленкович – Грекияда өткен жылдың шілдесінде тұтқынға түскен болатын. Сербия мен Грекия оны қолдан қолға беру туралы өткен айда келіскен, бірақ Миленковичтің бас амандығын ойлап, оның Белгардқа тапсырылатын күнін жасырып келді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG