БАКУ: Бүгін Бакуде Әзірбайжан басшылығымен өткізген келіссөзінің ізінше Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров армяндар басым тұратын Таулы Қарабақ бойынша Баку мен Ереван екі жаққа да тиімді келісімге келеді деген үмітін білдірді. Әзірбайжанға қарағанымен де, 1988-1994 жылдар аралығындағы соғыстан кейін армян үкіметі билеп келген Таулы Қарабақ өлкесіне Әзірбайжан мен Армения дауласып келеді. Екі жақ 1994 жылы бітімге келді, бірақ Таулы Қарабақ кімнің меншігіне қарайды деген мәселе әлі шешілген жоқ. Ресей сыртқы істер министрі Әзірбайжанды орыс тіліне көрсеткен қамқорлығы үшін ризалығын білдірді.
С.Лавров: “Мәскеу Таулы Қарабақ бойынша Баку мен Ереван екі жаққа да тиімді келісімге келеді деп үміттенеді”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV