Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы: Мәскеу демократиялық жолдан айнымауы керек


АҚШ-ң жаңа мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Мәскеу егер Батыспен тереңірек қарым-қатынасқа болғысы келсе, демократия жолынан таймауы керек деп атап көрсетті. Райс бұны бүгін Польшаның астанасы Варшавада өткізген баспасөз-мәслихатында айтқан. Одан әрі ол Түркияға аттанып, Анкарада Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі. Райс Польшаның сыртқы істер министрі Адам Ротфелдпен әңгімелесулері әлемдегі демократия туралы болды деген:

-Министр екеуміз бүкіл Дүниежүзінде демократияның алға басуы турасында айттық. Грузияда қызғылт-сары төңкеріс, Ауғанстандағы сайлауға қатысқан адамдардың жарқын жүздерін көрдік, мұнда тұрақтылықтың орнауына Польша да өз үлесін қосты. Әрине жексенбіде Ирақта болып өткен сайлауды да айтуға болады.

Кондолиза Райс Түркияға кеткенге дейін Польшаның бас министрі Марек Белкамен де кездесу өткізеді.
XS
SM
MD
LG