Ауған ресмилері кеше Ауғанстан астанасына жақындап қалған кезінде жоғалып кеткен жолаушы ұшағы Кабулдың оңтүстік-шығыс жағында таулы аймақтан табылды деп айтты. Апат аймағын НАТО тікұшағы анықтаған.
-Бүгін таңертеңгісін аздаған үзілістен кейін, коалиция күштері, İшкі істер және Қорғаныс министрліктерінің жасақтары ұшақты іздестіру жұмыстарын қайта жалғастырды. Ұшақтың кейбір бөліктері Баграми мен Ғази аудандарындағы тау арасынан табылды. Өкінішке қарай ұшақ толықтай қираған, жолаушыларының ішінде аман қалғаны жоқ. Олардың бәрі де ауғандықтар жане бірқатар шетелдік азаматтар болған,-дейді İшкі істер министрлігінің өкілі Лұтфұлла Машал.
Boeing 737 ұшағы бейсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Герат бортындағы 104 жолаушысымен Кабулға бағыт алған болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығынан ұшақтың Кабулға қона алмайтындығы сөз болған, бұдан соң ол радар экранынан көрінбей кеткен. Ұшақ жолаушылары қатарында 9 түрік, үш италияндық, үш американдық, алты орыс шетелдік азаматтар болған, ұшақ Қырғызстан компаниясынан жалға алынған екен.