Accessibility links

Бішкектегі шерушілер парламент сайлауы әділ де еркін өтсін дейді


Қырғыз астанасында бүгін 350-ге жуық адам 27 ақпанда болатын Парламент сайлауы әділ және еркін өтсін деген талаппен наразылық акциясын өткізді. Жастардың "Келкел" ұйымы жиналысты ұйымдастырушылардың бірі болған. Бірқатар оппозициялық партия мен үкіметтік емес ұйымдар да осы жерден табылды. Наразылық акциясына қатысушылар президент А.Ақаевты қазан айында болатын президенттік сайлауға үміткер ретінде қатыспауға шақырды. Конститутция бойынша қазіргі президенттің тағы бір мерзімге сайлануға хұқы жоқ. Полиция шерушілерді орталық алаңға қарай өткізбей, бұл акция заңсыз деп, олардың алдын бөгеп, тосқауыл қойған.
XS
SM
MD
LG