Accessibility links

“2006 жылы АҚШ-тың қорғаныс шығындары 419 млрд. долларды құрауы мүмкін


АҚШ президенті Дж.Буш келесі жылғы қорғаныс шығындарын 5 пайызға ұлғайту керек деп санайды. Олай болса, Ауғанстан мен Ирақтағы соғыс шараларының шығындарын қоспағанда, қорғаныс бюджеті 419 млрд. 300 млн. долларды құрамақшы. Кеше Дж.Буш шығыс бөлігі 2.5 трлн. долларды құрайтын 2006 жылдың бюджеті жобасын Конгреске жолдады. Жобада шамамен 150 бағдарламаның шығындарын қысқарту көзделеді. Ондағы мақсат – 2009 жылы мемлекеттік бюджеттің тапшылығын екі есеге азайту.
XS
SM
MD
LG