Accessibility links

Ирақтағы сайлаудың ақырғы қорытындысы осы аптаның соңында жарияланады


Ирақта 30 қаңтарда өткен сайлауда берілген дауыстарды есептеу барысында күрдтердің жетекші екі партиясы Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи бастаған “Бірлескен Ирақ одағы бірлестігінен” кейінгі екінші орынға шыққанын көрсетіп отыр. Бастапқы есепке сәйкес, шийт мұсылмандарының бірлестігі 275 депутаттық Ұлттық жиналыста 50 пайыз дауысқа, күрд партиялары 24 пайыз дауысқа ие болатын сияқты. Сүннилердің басым бөлігі сайлауға қатыспады. Сайлаудың соңғы қорытындысы осы аптаның соңында жариялануға тиіс.
XS
SM
MD
LG