Accessibility links

Францияның Ривьерасында НАТО елдерінің қорғаныс министлері бас қосады


Бүгін Францияның Ницце қаласында НАТО-ға мүше 26 елдің қорғаныс министрлері бас қосып, 2 күн ішінде АҚШ-тың қорғаныс министрі Д.Рамсфелд еуропалық одақтастарын екі арада Ираққа қарсы соғыстан туған дау-дамайды қойып, оларды Ирақтың қарулы күштерін оқытуға және Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кеңірек атсалысуға көндіріп көрмекші. Бұл бас қосу президент Шарль де Гольдің Францияны НАТО құрамынан шығаруынан 40 жыл өткен соң НАТО лидерлерінің 22 ақпанда өтетін кездесуінің қарсаңында өтпекші. Ниццеге Ресей министрі С.Иванов та келеді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG