Accessibility links

К.Райс (АҚШ): “Адамзат өркениетіне үлес қосқан араб елдері саяси еркіндіктің жоқтығынан экономикалық тығырыққа тірелді”


Кеше Парижде өзінің бағдарламасымен таныстырып сөйлеген сөзінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ханым адамзаттың дамуына зор үлес қосуына қарамастан, арабтар бүгінгі таңда саяси еркіндіктің жоқтығы салдарынан экономикалық тығырыққа тірелді деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Таяу Шығыста барлығының жалпы ішкі өнімінің көлемі бір Испанияға тең келмейтін 22 мемлекет бар. Бұл, Райс ханымның пікірінше, бір кезде адамзат өркениетінің бесігі болған араб мәдениетіне лайық емес. “Оның басты себебі, деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы, еркіндіктің жетіспеуі мен жариялылықтың жоқтығы әлемнің осы бұрышына кері ықпал етті”.
XS
SM
MD
LG