Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші халықаралық күштер жалғыз Кабулда ғана емес, елдің батысына да орналасатын болады. Ол жөнінде Солтүстікатлантикалық соғыс одағына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің Ницца қаласындағы 2 күндік бас қосуының соңында НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер хабарлады. Қазір Ауғанстандағы НАТО-ның 8.5 мыңдық қолы негізінен Кабулда және елдің солтүстігінде шоғырланған. Италия, Испания және Литва Ауғанстанға жүздеген жауынгерін жіберуге келісті.