Германияның федералдық айыптаушысы Пентагонның қазіргі қожайыны Д.Рамсфелд Ирақтағы әскери тұтқындарды қорлады деген іске айыпты деген сауалды қанағаттандырмады. АҚШ-тың конституциялық құқық орталығы мен АҚШ жауынгерлерінің Ирақтағы Әбу-Грайб түрмесінде өздеріне қорлық көрсеткен 4 Ирақ азаматы әлгі сауал-шағымын Германияның Бас прокуратурасында өткен қараша айында тіркетті. Олар адам құқын аяққа таптаған қылмыс немесе әскери қылмыстар қайда жасалмасын, оны сот жүзінде жазаға тарту туралы неміс заңын басшылыққа алды. Бас айыптаушының өкімінен кейін Д.Рамсфелд, Пентагон өкілінің хабарлауынша, қауіпсіздік мәселесі бойынша жексенбіде Мюнхенде өтетін халықаралық колнференцияға барып қалуы мүмкін.
Германияның Бас айыптаушысы Д.Рамсфелдті Әбу-Грайб түрмесіндегі қылмысқа айыпты емес деп тапты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV