Accessibility links

Германия сыртқы істер министрі Иошка Фишер бүгін АҚШ пен Еуроодақ бір-бірімен тығыз байланысты деп, трансатлантикалық қарым-қатынастарды жаңартуға шақырды


Мюнхенде өткен халықаралық қауіпсіздік конференциясында Иошка Фишер трансатлантикалық байланыстардағы НАТО-ның маңыздылығына баса назар аударды. Фишердің бұл мәлімдеуі, Германияның НАТО-ны әлемдегі өзгерістерге әсер ету үшін тың реформалар жасауға шақырғанынан кейін айтылып отыр. Бүгін осы конференцияда баяндама жасаған БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан еуропалықтар мен американдықтар ұзақ мерзімді ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін жоспарлауға шақырды.
XS
SM
MD
LG