Бүгін Израиль Палестина жағына өткен жылы Газа аймағында израильдік жауынгерлерінің қолынан құрбан болған 15 адамның сүйегін Ерец деген жерде беруге тиіс. Бұл шара – Израиль премьері А.Шарон мен Палестина президенті М.Аббастың Мысырдағы бас қосуы барысында өзара бітімге келу жөніндегі келісімінің шарттарынан туып отыр. Өзге шарттардың біріне сәйкес, өзара сенімді нығайту үшін Израиль 500-ге жуық палестиндікті сәрсенбіге қарай түрмеден босатуға тиіс. Кеше Израиль премьері Ариэль Шарон елдің құқық мекемелеріне Газа аймағы мен Йордан өзенінің Батыс жағалауынан еврей қоныстарын көшіруге қарсы еврей экстремистерін жазаға тартуды бұйырды. Бұл жарлыққа үкімет мүшелеріне шабуыл жасалып, қоқан-лоққылық жасалған соң шығарылды.