Accessibility links

Израиль өткен жылы Ғаза аймағында қайтыс болған 15 палестиндік әскерінің мәйіттерін бүгін Палестина басшыларына тапсырды


Мәйіттер Ғазаның Ерез қиылысында берілді. Израиль бұл шешімге екі ел арасында болған ортақ мәмілеге келу саммитінен соң келген болатын. Нью-Йорк Таймс газетіне берген сұхбатында, Палестина басшысы Махмуд Аббас Израильдіктер өткен аптада Шарм ал-Шейхтегі келісімге бойсұнған сәтте, Израильмен соғыс аяқталады деді. Аббас әсіре діншіл топтарымен кездесіп, оларды Израиль мен Палестина елдері арасындағы бітімді қолдауға көндіргенін мақтанышпен мәлімдеді. Аббастың айтуынша, Хамас исламшыл тобы саяси партия құрып, шілде айында өтетін сайлауларға қатысатынын мәлімдеген. Аббас Таяу Шығыста жаңа дәуір басталып жатқанына сенетіндігін айтты.
XS
SM
MD
LG