Accessibility links

Пхеньянмен ядролық бағдарламасы төңірегіндегі 6 жақты келіссөзге Вашингтон жаңа өкілін тағайындады


Дүйсенбі күні Вашингтон өзінің Оңтүстік Кореядағы әрі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөзге өзінің жаңа өкілетті өкілін тағайындады. Кристофер Хилл – тоқтап келген аталмыш келіссөзде АҚШ делегациясын басқарған мемлекеттік хатшының орынбасары Джеймс Келлидің орнына барады. АҚШ – Солтүстік және Оңтүстік Кореяның, Ресей, Қытай және Жапонияның қатысуымен өткен 6 жақты келіссөзге мұрындық болып келеді. Келіссөздің өткен қыркүйек айына белгіленген үшінші сатысы Пхеньянның АҚШ-ты “қырғиқабақ танытты” деп айыптап бас тартуы салдарынан өтпей қалды.
XS
SM
MD
LG