Accessibility links

Шаронның мәлімдемесіне Ресейден жауап жоқ


Израил премьер-министрі Ариел Шаронның Ресей Сирияға жер-ауа зымырандарын сатуды ойластыруда деп мәлімдегеніне қатысты Ресей үкіметі тарапынан әзірге ешқандай жауап болған жоқ. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов Сирияға зымырандар сатуды Ресей жоспарлаған жоқ және мұндай келіссөздер де жүргізілген жоқ деп одан бұрын айтқан болатын. Ал Шарон сейсенбі күні Сирияға зымыран сату турасында Ресейдің ойы бар екендігін өзіне Ресей президенті Вл. Путиннің хабарлағанын айтқан. Шарон мұндай зымырандар Ливандағы көтерілісшілер мен жаугерлік топтардың қолына түсуі мүмкін деп, Ресейдің шешіміне қынжылыс танытып, алаңдаушылық білдірген.
XS
SM
MD
LG