Accessibility links

Киото хаттамасы өз күшіне енеді


Бұдан сегіз жыл бұрын Жапонияда мақұлданған ғаламдық жылыну процесіне байланысты зиянды қалдық газдарды ауаға шығаруды шектеуге бағытталған Киото хаттамасы бүгін күшіне енеді. Бұл міндетті заңдық келісімді, Ресей және басқа да 30 ірі индустриялы ел бар, әлемнің 141 мемлекеті ратификациялаған болатын. Келісімге сәйкес индустриялы елдердің зиянды қалдықтарды таратуын 1990 жылмен салыстырғанда 2012 жылға қарай 5,2 процентке қысқартуы талап етіледі. Аталған газдың құрамында заводтар мен фабрикаларда, электрстанцияларында мұнай мен көмірдің жануынан пайда болатын көмір қышқыл газы және басқа да қоспалар болады. Киото келісіміне оның талаптары экономикаға кері ықпал етеді, көп жұмыс орындарын жоғалтуға соқтырады деген желеумен әлемдегі зиянды қалдықтарды ең көп шығаратын АҚШ қосылмай қойған болатын.
XS
SM
MD
LG