Жалпыұлттық сайлауда жеңіске жеткен Ирақ шииттерінің басты одағы елдің ендігі бас министрі етіп Ибрахим әл-Жафариді тағайындау жөнінде бастапқы келісімдерге келді. Жафари Біріккен Ирақ одағындағы екі басты діни топтың бірі- Әл-дауа партиясының басшысы.
Жауад әл-Малики түпкілікті шешім бірнеше күннен кейін белгілі болады, екінші басты топ Ислам төңкерісі Кеңесінің де ұсынған өз үміткері болды деген Азаттық радиосына берген сұхбатында:
-Талқылаулардың соңы екі басты үміткерге келіп тірелді, Әл-Дауа партиясынан- доктор Әл-Жафари, ал Ислам төңкерісі Кеңесінен доктор- Адел Абдул Мехди. Жауапкершілікті жане маңыздылықты түсінген жағдайда бұл екі тарап арасында доктор Әл-Жафариды үкімет басшысы ету жөнінде бастапқы келісім жасалды,-деген.
Біріккен Ирақ одағы өткен айда болған сайлауда 48 процент дауыс алған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?