Әсіресе, ауру жұқтырғандар 21 мен 39 жас арасындағы қыз-келіншектер ішінде кең тарап барады дейді дәрігерлер. Емі жоқ дерттің құрбандары көбеймес үшін былтыр Қазақстан үкіметі нашақорлар мен жезөкшелердің хал-ахуалын бақылауды дәрігерлерге тапсырып, дәрі-дәрмегіне деп жарты миллиард теңгеге жетер-жетпес қаржы бөлген-ді. [1 доллар = 130 теңге]
Алайда, мамандардың есебі бойынша, «ВИЧ/СПИД-ті тию туралы» бағдарламаның жүзеге асуы үшін іс жүзінде 22 миллиард 400 миллион теңгеге жуық ақша керек екен. Алматыдағы республикалық ВИЧ/СПИД ауруын алдын-алу орталығы директорының орынбасары Қуаныш Бекзатов бұл дерттің әсіресе нашақорлар мен жезөкшелер арасында кең тарап жатқанын айтып отыр.
Қазақстанда осы індетті жұқтырған алғашқы адам осыдан 16 жыл бұрын Теміртау қаласында тіркелген. Содан бері, Қарағанды облысындағы осы бір қала ВИЧ/СПИД дертінің ошағы боп есептеледі. Оның сыртында маман дертті жұқтырғандар саны соңғы бір-екі жылда Алматы қаласында күрт көбейді деген ақпарат беріп отыр.
Былтырдың өзінде күллі Қазақстан бойынша, бұл дертке шалдыққандардың 699-ы тіркелген. Маман олардың саны одан көп болуы да мүмкін деген жорамал жасап отыр. Себебі, науқасты анықтаудың кейбір қиын тұстары бар дейді:
- Бізде 10 жыл жүріп ауруы білінбеген адамдар бар. Алғашқыда қолтық безі ісініп, тұмау күйінде өтеді. Бүгін жыныстық қатынасқа түсіп, ертесі дәрігерге қаралсаңыз, аурудың бар жоғын ай, жыл өткен соң да табу, кей жағдайда мүмкін емес.
ВИЧ/СПИД дертін жұқтырғандарды дәрігерге қаратып, ем-домын жасату үшін республикалық орталық мамандары Алматыдағы үкіметтік емес ұйымдардың көмегіне арқа сүйеп отырғандарын айтады. Қазақстан бойынша, олардың қазіргі саны 50-ден асқан. Оның сыртында, 130-ға жуық сенім орталықтары ашылып жатыр дейді Қуаныш Бекзатов.
Нашақорларды емдейтін Әлия Бекбосынова өз науқастарының ВИЧ/СПИД-тен үрейлене қорқатынын айтады. Дегенмен, оларды емдеу алдында қанын, зәрін тегіс зерттханаларда тексертіп алу керек дейді дәрігер.
- Біз науқастарды әйел, еркек деп бөлмейміз. Дегенмен, қазір нашақұмарлыққа бейім келіншектер өте көп тіркеледі. Тәуір болатындары да бар, қайта ем сұрап келетіндері де көп, - деді маман.
Өзін Алина деп атауды сұраған келіншек Алматыдағы моншаларда 2 жылдан бері тәнін саудалаумен ақша табады екен. Оның айтуынша, ВИЧ/СПИД дертіне шалдыққандарды емдеудің мәні жоқ. Оған жұмсалатын қаржыны өйтіп, ысырап еткенше, жезөкшелердің әлеуметтік мәртебесін заң жүзінде ойластыру керек деп санайды келіншек.
- Мен сияқтыларға үкімет баспанамен көмектессе, ешқандай жезөкшелік болмас еді. Ондай аурулар да сап тиылар еді. ВИЧ/СПИД-ке қанша ақша шығындансаң да мүлдем тоқтату мүмкін емес, - дейді Алина.
Республикалық есеп комитетінің қызметкері Әнуәрбек Сұлтанғазин ВИЧ/СПИД туралы бағдарламаның жүзеге асыру мерзімін ұзартқан жөн дейді.
- Үкімет бөліп отырған қаржы денсаулық сақтау министрлігі жоспарлаған соманың тек 2 пайызын ғана өтей алады. Халықаралық ұйымдар тарапынан да тиын-тебен түсіп жатыр. Дегенмен, әлі де 20 миллиардқа жуық теңге керек, - дейді Әнуәрбек Сұлтанғазин.
Оның сыртында, бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін дерт таратушы жезөкшелер мен нашақорларға қатысты құқықтық құжаттарды мезгіл создырмай қабылдаған абзал болатындығын айтады.
- Нашақорлардан бөлек проблема - жезөкшелік мәселесі. Біз жезөкшелік проблемасы заңмен шешу керектігін түсінеміз. Сөз жүзінде мұндай проблема жоқ деп жүрміз, расына келсек, бұл кеселдің бар екенін күнделіктіі көріп жүрміз ғой.
Аурудың кең таралмауын насихаттайтын үкіметтік емес ұйымдар ВИЧ/СПИД құрбаны болған адамдарды еске алу шараларын жыл сайын мамыр айының соңында ұйымдастырып жүр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, емі жоқ дерттен қайтыс болған адамдардың саны соңғы он алты жылда Қазақстан бойынша 180-нен асқан.