Accessibility links

Қазақстан президенті халыққа Жолдауын арнайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің жыл сайынғы Жолдауын жария етеді. Президент Қазақстан парламенті қос палатасының бірлескен мәжілісінде сөз сөйлейді. Ал кеше Европа Одағы Қазақстандағы демократия жағдайына алаңдаушылық білдірген болатын. Европа одағының қазіргі президенті Люксембургтен Европадағы қауіпсіздік жане ынытымақтастық ұйымына жолданған хатта Қазақстандағы басты оппозициялық партияны жабу жөнінде жақында шығарылған сот шешімі және Қазақстан парламенті мақұлдаған "Экстремистік қимыл-әрекеттерге қарсы күрес" деп аталатын заң жобасы жайында айтылған. Мұндай заң күшіне енсе, ол адамның негізгі хұқтарына қол сұғу болып табылады делінген хатта.
XS
SM
MD
LG