Стип Месич Хорватия республикасының екінші мерзімге сайланған президенті ретінде ант қабылдайды.
Месич өткен айда болған президенттік сайлауда екінші бесжылдық мерзімге мемлекет тізгіні үшін бас министрдің орынбасары Ядранка Косормен бәсекеде жеңіске оңай жеткен болатын.
Месич осы онжылдықтың соңына дейін Хорватияның Европа одағына қабылдануын қалайды, бұл турасында Брюсселмен келіссөздер наурыз айнда басталуы тиіс.
Хорватияның жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша бүгінгі инауграция салтанатына тоғыз елдің мемлекет басшылары қатыспақшы, олардың қатарында Литва, Македония, Словакия, Украина президенттері бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?