Қырғыз президенті Асқар Ақаев кеше үкіметті тұрақты түрде сынап жазып келе жатқан тәуелсіз МСН газетінің үстінен шағым түсіретіндігін айтқан. Ол мемлекеттік теледидардан сөйлеген сөзінде басылым өзі мен отбасына жала жауып, қаралап келеді деп атап көрсеткен. Егер басқалар да бұл газеттің үстінен арызданамын десе еріктері деген.
Ақаев өз әкімшілігі постсоветтік кезеңнен бері баспасөз бен сөз бостандығына кепілдік беріп келеді деп айтты.
Ақаевтың қарсыластары мұндай сот процесі 27 ақпанда болатын парламент сайлауы мен қазан айында өтетін президент сайлауы алдында тәуелсіз басылымдарды тұншықтыру деп бағалаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"