Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы президенттері цунамидан зардап шеккен Азия елдеріні сапарын бастады


АҚШ-тың бұрынғы президенттері, Билл Клинтон мен қазіргі президенттің әкесі - үлкен Джордж Буш, желтоқсан айындағы цунами апатына душар болған Азия елдеріне 3-күндік сапарын бастады. Цунами апатынан зардап шеккен Тайландтағы ауылға барған кезінде, Клинтон былай деді: “Бұл оқиға әлемдегі барлық халыққа әсер етті. Алыста тұратын адамдар осы ауылда тұратын халыққа ақша жіберіп жатыр. Бұл жұмысты атқару тамаша.” Естеріңізге сала кетсек, желтоқсан айында болған цунами апатынан 250 мыңға жуық адам қайтыс болған. Тайландтан кейін, Клинтон мен үлкен Буш сапарын одан әрі Индонезия, Шри Ланка және Мальдивыда жалғастырады.
XS
SM
MD
LG