Оның белгілі болған алғашқы нәтижелеріне қарағанда, өкімет басшысы Мехмет Әли Талаттың Республикалық Түрік партиясы жеңіске жететін сыңайлы. Атап айтқанда Ассамблеядағы 50 орынның 26-сын Талат партиясы иеленбекші. Бұл жағдай сайлаушылар дауысының үштен бірі есептелгенде белгілі болып отыр. Аталған партия Кипр аралының қайта бірігуін қолдап келеді. Сондай-ақ Еуропа одағымен тығыз байланыста болуға ұмтылуда. Ал, аралды қайта біріктіру жөніндегі БҰҰ-ның жоспарына қарсы болушы Ұлттық бірігу партиясы 17 орынды иеленетін сыңайлы. Сайлаушылардың бұл үдеріске қатысу белсенділігі 82 пайыз болған екен.