Ол бүгін Брюссельде тәуелсіздік пен демократия жөнінде сөз сөйлемекші. Еуропа одағы және НАТО басшыларымен арадағы әңгімелер барысында Иран, Сирия елдері және НАТО-ның болашағы сияқты мәселелер талқыланбақшы. Екінші мерзімдегі елбасылық қызметіндегі бұл- Буш мырзаның шетелге жасап отырған алғашқы сапары. Бірнеше мыңдаған қарсы болушылар сапар барысында қарсылық шараларын өткізбекші.