Accessibility links

Дж.Буш: “Трансатлантикалық достық – бейбітшілік пен бүкіл әлемнің өркендеуі үшін өте маңызды”


АҚШ президенті Дж.Буш Вашингтон мен Брюссельдің берік ынтымақтастығы кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алады және Палестина-Израиль жанжалының доғарылуы - Еуроодақ пен АҚШ-тың ортақ мақсаты деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, қаншама бастаманың сәтсіздігі мен қаншама халықтың қырылуынан кейін Израиль мен Палестина арасындағы жанжалды басудың мүмкіндігі туып отыр. Еуропаға 5 күндік сапарының бірінші күні – бүгін Брюссельде сөйлеген сөзінде Дж.Буш: “Трансатлантикалық достық – бейбітшілік пен бүкіл әлемнің өркендеуі үшін өте маңызды”, -деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG