Accessibility links

Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Қарзай үш күндік ресми сапармен Үндістанға барды


Хамид Қарзай Үндістан президенті Абдул Қаламнан бастап, үкіметбасы Манмохан Сингх тәрізді жоғары басшыларымен Ауғанстан мен Үндістанның экономикалық байланыстары мен аймақтық ынтымақтастығын арттыру тұрғысында әңгімелесетін болады. Қарзайдың Үндістанға сапарында онымен бірге Ауғанстанның көптеген министрлері бірге жүр.

Өткен аптада Үндістанның сыртқы істер министрі Натуар Сингхтың Ауғанстандағы сапары кезінде Қарзай Үндістан үкіметін Түркменстаннан Ауғанстан арқылы Оңтүстік Азияға тартылатын газ құбырының құрылысына қолдау көрсетеміз деп сендірген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG