Accessibility links

Ияд Аллауи мен Ибрағим Әл-Джафари Ирақ бас министр қызметіне бәсекелесіп отыр


Кеше Ирақтың уақытша бас министрі Ияд Аллауи бұл қызметте қалу үшін кең көлемді бірлестік құрып жатырмын деп мәлімдеді.

- Біз Ираққа және оның принциптеріне сенетін үкімет құрамыз. Егжей-тегжейлі тұстарын кейін айтамын, - деді Ияд Аллауи.

Ирақта саяси күші басым шииттердің Біріккен Ирақ Альянс одағы бас министр қызметіне "Дава" партиясының төрағасы Ибрағим Әл-Джафариді сейсенбі күні ұсынған болатын. Сөйтіп, Ияд Аллауи мен Ибрағим Әл-Джафари бас министр қызметіне бәсекелесіп отыр.
XS
SM
MD
LG