Азаттық радиосының тілшісі Гүлноза Сайдазимованың жазуынша, тәуелсіздігін алған жылдарда Қырғызстан астанасында көп өзгерістер бола қоймаған. Лениннің ескерткіші бұрынғы орнынан жылжытылып қана қойса, көшелердің біразының атаулары совет кезеңіндегі қалпында қалған. Мұның өзі өткен жылдардағы Қырғызстанның сыртқы саясатынан хабар бергендей деп жазады Азаттық тілшісі.
Дей тұрғанмен, тілшіміз Бішкек көшесінде жолықтырып, сұхбат алған азаматтардың алда келе жатқан парламент сайлауы жөнінде жақсы хабардар екендігі байқалады. Сайлаушылар бұл сайлауға түсіп жатқан кандидаттар жайлы хабардар боп шықты. Мысалы, 64 жастағы орыс ханымы ұлты орыс үміткерге дауыс беретіндігін айтты:
- Оның анасы да зейнеткер екен. Ол біздің зейнетақымызды көбейтуге, сондай-ақ, жалпы өмірімізді жақсартуға уәде берді, - деді зейнеткер әйел.
Ал жасы 30-дағы келесі бір ханым болса, тізім ішінен әйел үміткерді таңдап алып, соған дауыс беретіндігін, себебі, қиын түйіндерді шешуде әйелдер көбірек қабілетті деп ойлайтындығын жеткізген.
Бішкек көшелерінде сайлауға байланысты үгіт-насихат шаралары шамалы десе болғандай. Үміткерлер жайлы плакаттар да сиректеу ұшырасады. Алайда, ел президенті Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаева жайлы плакаттар барлық жерге ілінген. Оның ұраны қарапайым ғана: “Қамқорлық және жауапкершілік”.
Бермет Ақаева үміткер ретінде Бішкек университетінен ұсынылған екен. Азаттық радиосының тілшісі бейсенбі күні университет төңірегінде студенттерден сұхбат алмақ болғанда, олар бойларын аулақ салған. Бір студенттің айтуынша, университет басшылары студенттердің баспасөз өкілдеріне сұхбат беруіне тиым салған көрінеді. Дегенмен, ол студенттер үміткерлер жайлы жақсы хабардар және елдегі саяси өзгерістер туралы жетік білетін болып шықты.
Үміткерлердің уәделерін орындап шығатынына сенбесе де, сайлаушылар олардың сөздерін мұқият тыңдайды екен. Ал, парламент ғимаратында су құбырының жұмысын реттейтін бір жұмыскер депутаттарды өзінің күнде көріп жүргендігін айта келіп, оларды тым жақсы білгендіктен де өзінің сенім арта бермейтіндігін білдіріпті. Әйткенмен ол, қай депутат мұның айлық жалақысын көтерсе, соған сенетіндігін де жасырмаған.