Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясында түсірілген фильмнің режиссерлары – ССРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов пен Қазақстан республикасына еңбек сіңірген әртіс Игорь Вовнянко.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 60 жылдығына орай түсірілген бұл фильмде соғыс кезіндегі қазақ ауылының жағдайы, соғыс ылаңы тиген өзге елдерден қазақ жеріне ауып келгендердің тағдыры суреттеледі. Фильм авторлары оны бас кейіпкер Ғалым деген бала мен шешен қызы Мәликенің ойыны арқылы көрсеткен.
- Осы уақытқа дейінгі фильмдеріміздің дені майдан даласы, соғыс, шайқас туралы болып келіп еді. Енді соғыс ауыртпалығын алыста жатып көтерген ауыл, сонымен қатар қарапайым адамдар туралы көрсететін кино жасайтын кезіміз жетті. Бұл фильмнің ерекшелігі де осында, - дейді режиссерлар.
Өз кезегінде Асанәлі Әшімов фильмді түсіру барысында айтарлықтай қиындықтар болмағанын айтты. Атырау қаласынан 160 шақырымдағы Доссор ауылында түсірілген бұл фильмде соғыс кезіндегі көптеген қазақ ауылдарының жағдайы, бас көтерер азаматтары майданға аттанған сол кездегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен соғыс ылаңы тиген елдерден ауып келген жетім балаларды бауырына басқан қазақтың кеңпейілділігі суреттелген. Жазушы Сәтімжан Санбаев фильм сценарийінің желісі өз өмірінен алынғандығын атап өтті.
- Бұл - сол жылдардағы шындық. Әрине, көркем шығарма болғандықтан, әртістердің ыңғайына қарай өзгерткен жерлеріміз бар. Бірақ, өмірдің шындығы осы кинода, - деді сценарист.
Ресми тұсаукесер қойылымы Алматыда өткен «Тұзды көл жағасындағы үй» фильмінің режиссері Асанәлі Әшімов барлық жұмыстарға бір жыл уақыт кеткендігін айтты. Қазақфильм киностудиясынан шыққан бұл фильм орыс тілінде дубляжданған. Осы киноның неліктен қазақ тілінде шықпағаны жайлы сұрақ қойған Азаттық тілшісіне фильмнің сценариін жазған Сәтімжан Санбаев былайша жауап берді:
- Мұнда енді қазақтар - қазақша, орыстар - орысша сөйлеп отыр. Ал басқа ұлттың адамдары қазақша сөйлей алмайды ғой. Ол дубляж кезінде үйлеспейтіндей болды. Сосын, енді мұнда көп ұлтты адамдар бір тілге аударса, өмір шындығынан кетіп қалатын сияқты болдық.
Сөз арасында Сәтімжан Санбаев бұл фильм Атырау облысы Мақат ауданындағы Доссор ауылының биылғы келе жатқан 90 жылдық мерейтойына деген тарту екендігін айтып өтті.