Accessibility links

Палестина Кеңесі 24 мүшесі бар жаңа үкіметтің құрамын көпшілік дауыспен бекітті


РАМАЛЛА. Бүгін Палестинаның заң шығарушы Кеңесі премьер-министр Ахмад Кураи ұсынған 24 мүшесі бар жаңа үкіметті көпшілік дауыспен – 54 дауыс қолдап, 12-сі қарсы шығып, 4 дауыс қалыс қалып, мақұлдады. Палестина парламенті осы аптада бұл мәселені 3 рет кейінге қалдырған еді. Бұған дейін Кеңес Ахмад Кураиден үкімет құрамына, жемқорлықтың тамырына балта шабу мақсатында, марқұм Ясир Арафаттың үзеңгілестерінің орнына реформашыл мүшелерді көбірек алуды талап етіп келді. Рамалладан келіп жеткен хабарға қарағанда, жаңа үкіметтің 17 мүшесі реформашылдардан жасақталып, қалған жетеуі алдыңғы үкіметтің құрамында болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG