Accessibility links

Палестинада жаңа үкімет қызметіне кірісті


Кеше Палестинада жаңа үкімет парламентте бекітіліп, қызметіне кірісіп кетті. Бұрынғы үкіметтен Ясир Арафаттың жақын адамдары алыстатылып, үкіметке кәсіби мамандар, технократ тұлғалар тартылды. Бас министр Махмұд Аббас журналистерге айтқан сөзінде бұл жас азаматтар, білікті мамандар, қолдарынан іс келеді деп сипаттады. Израиль сыртқы істер министрі Сильван Шалом жаңа үкіметтің жасақталуы Таяу Шығыстың жақсы болашағына бағытталған құтты қадам болды деп сипаттады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG