Accessibility links

Путин Ресей демократиялық құбылысы әлсіремейді деп уәде айтты


Кеше Словакия астанасы Братиславада АҚШ президенті Джордж Буш және Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі болып өтті. Путин Бушқа Ресей демократиялық құбылысы әлсіремейді деп уәде айтты. Бірлескен баспасөз-мәслихатында президент Буш демократия талаптарында заң мәртебесі, азшылық топтарды қорғау, еркін баспасөз және өміршең оппозиция сияқты ортақ белгілер болады деп сипаттады:

- Бұл ортақ принциптерді орындау барысында Ресей міндеттемелерінің орындауында мәселе бар деген алаңдаушылығымды кездесуде білдіре алдым. Мен бұл сөздерімді конструктивті және достық пиғылда айттым.

Батыс қауымдастығында Путин жүргізіп отырған саясатқа алаңдаушылық күшейіп келеді. Путинді сынаушылар ол шынайы демократияны тұсап отыр дейді. Путин Батыстағы алаңдаушылық негізсіз, Ресей демократияның негізгі талаптарына берік деді.
XS
SM
MD
LG