Бұған дейін аталған ұйымдар кейбір алыс-жақын шет елдердің аумағында да лаңкестік ұйымдар деп танылып келген. Ал қазақстандық дінтанушылар арасында мұндай ұйымдардың жұмысын егжей-тегжейлі тексеріп алмай, қызмет етуіне тыйым салған дұрыс емес деген пікір айтушылар бар.
Бас прокуратураның баспасөз қызметкері Әлім Қайдаровтың айтуынша, Жоғарғы сот әлгі өтінішті қанағаттандырған жағдайда ол ұйымдардың қызметіне Қазақстан аумағында тыйым салынатын болады. 2005 жылдың қараша айында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты» ұйымының мүшелерін тұтқынға алған болатын. Комитеттің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың айтуынша, содан бері тергеу амалдары жүргізілген:
- Ұйым мүшелері ұсталып, сот олардың әрекеті үшін қылмыстық іс қозғады.
Ал «Кувейттің әлеуметтік реформалар қоғамы» Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Гуманитарлық академия" мен «Мэрси» пансионатын қаржыландырып келген. Былтырғы жылдың көктемінде бағдарламаға сай жұмыс істелмегендіктен "Гуманитарлық академияның" лицензиясы қайтарылып алынып, оқыту құқынан айрылған еді.
- Бұл ұйымның қызметін жан-жақты зерттеп барып шешім шығарылуы керек еді. Мемлекет сол өлкедегі жүздеген қыз балалардың жағдайын жасай алмай отырғанда ол жерде не оқытып жатыр, қыз балаларды террористікке тәрбиелеп жатыр ма, әлде Қазақстанның отансүйгіш азаматы ретінде тәрбие беріп жатыр ма, соны қараудың орнына ол білім мекемесін қаржыландырып, көмек беріп отырған ұйымды бақылап, көрші мемлекетте осындай жағдай болған екен деп жауып тастадық, - дейді дінтанушы Бейбіт қажы Сапаралы.
Ол Қазақстанда террористік деп танылып отырған ұйымдардың қызметін мемлекеттік тұрғыда тексеретін сарапшы комиссия болу керек деп санайды:
- Оның ішінде қандай мәселелер бар, бұл қандай ұйымдар, олар не атқарды, қаржы көзі қайдан келді, олардың түпкілікті мақсаттары не - осының бәрін сараптап барып шешім қабылдататындай алқа жоқ бізде, бір жақты шешім қабылданып кетеді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметкері Әлім Қайдаровтың айтуынша, «Асбат әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Бозғұрт», «Талибан», «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты», «Лашкар и-Тайба» және «Кувейттің әлеуметтік реформалар қоғамы» Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Пәкістан сияқты бірқатар елдерде террористік ұйымдар деп танылып келген.
- Сондай-ақ, аталған ұйымдардың кейбірінің қызметтері Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері аумағында да тыйым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдар тізіміне енгізілген, - дейді бас прокуратура өкілі Әлім Қайдаров.
Қазақстанда бұған дейін, өткен жылдың қазан айында, «Әл-Қаида», «Шығыс Түркістанның Ислам партиясы», «Күрдтердің халық партиясы» және «Өзбекстанның Ислам қозғалысы» террористік ұйымдар деп танылып, республика аумағында олардың қызметтеріне тыйым салынған болатын.