Accessibility links

Рим папасының көңіл күйі жақсы делінді


Әлем католик қауымдастығы Рим шіркеуінің басшысы Иоанн Павелдің денсаулығын тілеп, қасиетті шараларын атқарды. Иоанн Павел алдыңкүні Рим ауруханасына түсіп қалып, оған сол күні трахеотомия операциясы жасалды. Рим папасы ақпан айында тұмау салдарынан ауруханаға екінші рет түсіп отыр, ол тыныс алудан қиналған. Кеше Ватикан өкілі Джаукуин Наварро Валлс 84-жастағы Рим папасы респираторсыз дем алып жатыр, өкпе қабынуы сияқты жұқпалы аурудың белгілері жоқ деп айтты.
XS
SM
MD
LG