Accessibility links

Қырғызстан үкіметі АҚШ-қа, мемлекеттің ішкі істеріне араласудың салдары күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін деп ескертті


Мұндай мәлімдемені бүгін, сенбі күні Қырғызстан сыртқы істер министрінің 1-орынбасары Талант Қошчыбеков жасады. Ал оған дейін, ақпанның 18-і күні, АҚШ-тың Бішкектегі елшісі Стефан Янг баспаөз құралдарына, Қырғызстанда жексенбі күні өтетін парламент сайлауы АҚШ деңгейіндегі демократиялық талапқа жауап бере алмаса, онда ол екі ел арасындағы байланысқа кері әсерін тигізеді деген болатын.

Қырғызстандағы екі күндік наразылық шеру, ереуілдерден соң сайлау тізімінен алып тасталған үміткер Аслан Малиев өз қолдаушыларын жиын, митингтерді тоқтатып, жексенбі күнгі сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

- Біз бір болғанда ғана күштіміз. Біріккен кезде бізді ешкім жеңе алмайды, ешқашан, ешқашан жеңе алмайды! - дейді Аслан Малиев.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Иманбаевтың айтуынша, 75 орындық болашақ парламент мүшелігіне 390 үміткер тіркелген.
XS
SM
MD
LG