БЕЙРУТ. Дүйсенбіде, яғни бүгін, Ливан парламентінде бұрынғы премьер-министр Рафик Әл-Харириге екі апта бұрын жасалған қастандықты талдаған соң, үкіметке сенім білдіру мәселесінің дауысқа салынуына байланысты, ішкі істер министрі Сүлейман Франги оппозиция мен үкіметті қолдайтын күштердің қоғамдық шеру өткізуіне тыйым салды. Министрдің мәлімдеуінше, бұл шара елдегі “азаматтық тыныштықты сақтау үшін қажет”. Сирия жағы қолдайтын Ливан үкіметінің қарсыластары Хариридің өлімі үшін Дамаскіні айыптап, халықты ұлттық ереуіл мен жаппай шеруге шақырды. Сирияны қолдайтын күштер де шеруге шықпақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"