Accessibility links

Президент Э.Рахмонов: “Тәжікстандағы сайлауды Батыс елдеріндегі сайлаумен салыстыруға болмайды”


ДУШАНБЕ. Тәжікстанда 90-ыншы жылдардың басындағы азамат соғысынан кейін екінші рет өткізілген кешегі парламент сайлауының бастапқы нәтижесі бүгін, дүйсенбі күні мәлім болады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бұл жолы сайлаушылардың 85 пайыздан астамы дауыс берген. Парламенттегі 63 орынға 230 үміткер бәсекеге түсті. Тәжік президенті Э.Рахмонов бастаған Халықтық-демократиялық партия көпшілік дауыс ие болады деген болжамдар айтылып жатыр. Парламентке оппозициядағы Ислам қайта өрлеу партиясы мен коммунистердің үміткерлері де өтетін сияқты. Президент Э.Рахмонов дауыс беру барысына жақсы баға беріп, тәжік қоғамындағы сайлауды Батыс елдеріндегі сайлаумен салыстыруға болмайды, бірақ, бұл сайлау алдыңғысынан әлдеқайда ашық өтті деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Тәжікстан заңды құрметтейтін демократиялық әрі зайырлы ел болу жолының басында тұр.
XS
SM
MD
LG