Accessibility links

Ирақтағы бомбалық жарылыстан 100-ден аса адам қаза болды


Бағдаттың оңтүстігіндегі Хилла қаласында көліктегі бомбалық жарылыстан 110 адам қаза болып, 140-ы жараланған. Ол жөнінде ресми тұлғалар хабарлады. Бұл соңғы бір жыл ішіндегі ең көп кісі шығынына әкелген қастандық әрекеті болып отыр. Зардап шеккендер - мемлекеттік қызмет іздеп жүрген Ирақ азаматтары. Олар Хилла қаласындағы Медициналық орталық сыртында, қажетті құжаттарды алу үшін кезекте тұрған екен. Жанкешті мінген көлік сол жиналғандардың ортасында жарылған. Орталыққа жақын тұрған базар да жарылыстан запа шеккен.
XS
SM
MD
LG