Украина мемлекеттік хатшысы Александр Зинченконың айтуынша, екі елдің экономикалық ынтымақтастығын дамыту мақсатында құрылған мемлекетаралық комиссия бірнеше басым бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Олар - энергоресурстарды тасымалдау дәліздері, Қазақстанның теңіз мұнай кенішін игеру және пайдалану, сондай-ақ, бірлескен еркін сауда аймағын құру бағытындағы қарым-қатынас мәселелері.
А.Зинченко мырза Украина мен Қазақстан банк саласында да табысты қарым-қатынас орната алатынын, Қазақстанның банк жүйесі Украинаның қаржы нарығына инвестиция сала алатын мүмкіндікке жетіп отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ Украина президенті Виктор Ющенконың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен танысқанын, жолдау мазмұнының сыртқы және ішкі саясатқа қатысты жақтары мен әлеуметтік сипаты Украина мен Қазақстанның көзқарас бірлігін көрсететінін жеткізді.
В.Ющенко Украина президенті болып сайланғаннан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік мәселесінің күн тәртібіне қойылғаны мәлім. Украина мемлекет хатшысы А.Зинченко аталған құрылымға байланысты барлық құжаттамалар арнайы сараптан өткізіліп жатқанын, Украинаның бірыңғай экономикалық кеңістікке деген көзқарасы соның нәтижесінде айқындалатынын айтты.
Украина мемлекет хатшысының Қазақстанға сапарына байланысты Азаттық радиосына пікірін білдірген қазақстандық саясаттанушы Әзімбай Ғали Қазақстан мұнайын Украина арқылы Еуропаға өткізуге көп мүмкіндік туады деп санайды:
- Украинаның, мүмкін, бірыңғай экономикалық кеңістікте рөлі жоқ болатын шығар. Ал есесіне, Украина Еуропалық Одаққа жақындайтын болады. Сондықтан, мұнайдың бағасы шарықтап тұрған кезде мұнайды Еуропаға Украина арқылы өткізуге, сондай-ақ, Украинада мұнайды өңдеуге мол мүмкіндік туады. Жалпы, Украинадағы экономикалық режим өте қолайлы. Екі жыл қатарынан Украина 12 пайыздан дамып келеді. Қазақстан мұнайымен, газымен ондай көрсеткішке жеткен жоқ.
Сонымен бірге, саясаткерлер екі ел арасындағы байланыстың саяси маңызы барын да атап өтті. Украинамен қарым-қатынастың дамуы Қазақстандағы демократиялық үрдістерге оң әсерін тигізеді дейді «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов:
- Украинамен экономикалық-саяси қарым-қатынас Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Екінші жағынан, демократиялық үрдістердің нәтижесінде билікке келген Украина басшысына да бұл дұрыс қолдау болады. Украинамен қатынас Қазақстандағы демократиялық үрдіске оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Жұма күні Астанада баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында Украина мемлекеттік хатшысы Александр Зинченко Украина басшысы В.Ющенко Қазақстан президенті Н.Назарбаевты ресми сапармен Украинаға келіп қайтуға шақырғанын хабарлады.