Accessibility links

Ирақта кепілдікте болған журналисті алып бара жатқан италияндық қауіпсіздік агенті АҚШ әскерилерінің оғынан қаза болды


Италияның бас министрі Сильвия Берлусконидің айтуынша, Ирақта кепілдік тұтқында болған италиян журналисін тұтқыннан босатып алып бара жатқан италияндық қауіпсіздік қызметінің өкілі Никола Калипари АҚШ әсркеилері тұрған тексеру бекетінде атып өлтірілді. Берлусконидің мәлімдегеніндей, журналист Джулиана Сгрена ол күтпеген атысу кезінде жарақат алған. Лейтенант Колдвелдің айтуынша, одақтас күштер Бағдадта үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлікті оқ астына алуға мәжбүр болған. Журналист Сгрена Ирақта ақпанның 4-інде тұтқындалған болатын. Оны кепілге алған бүлікшіл топ журналист әйелді бейнетаспа арқылы теледидардан көрсетіп, оның Ирақтан италиян әскерлерінің шығарылуын сұрап жалынған сәтін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG