Accessibility links

Украинаның ресми өкілі елдің бұрынғы ішкі істер министрі Ю.Кравченко өзін-өзі екі рет атып өлтірген деп хабарлады


КИЕВ. «ИТАР-ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Турчинов Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Кравченко басына екі рет оқ атып, өзін-өзі өлтірген деген болжам айтты. А.Турчиновтың айтуынша, Кравченко бұрынғы президент Кучманы айыптап, қолхат жазып кетіпті. Ақпанның 15-інен бері Чехиядағы Карловы Вары санаторийінде дем алып жатқан Кучма мырза, бүгін Украинаға қайтатынын хабарлады. Кучма өзінен жауап алу үшін бас прокуратурадан шақыру күтетіндігін айтқан. Ол өзінің айыпсыз екендігін мәлімдеп, прокуратурамен бірге жұмыс істеуге әзір екенін білдірген.

- Мен құдайдың алдында, халықтың алдында, Гонгадзенің алдында тазамын, - деді Леонид Кучма.

Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Ю.Кравченконың өлігі жұма күні Киевтен тыс жердегі үйінде табылған болатын.
XS
SM
MD
LG