Accessibility links

Иранда кепілдіктен азат етілген Италияндық журналист Джулиана Сгрена өздеріне жасалған қарулы шабуыл жайында мәлімет берді


Иранда ақпан айының басынан кепілдік тұтқыннан осы аптада ғана азат етілген италияндық журналист Джулиана Сгрена АҚШ әскерлерінің өздеріне жасаған қарулы шабуылы жөнінде мәлімет берді. Сенбі күні Бағдадтағы ол шабуыл кезінде журналистпен бірге көлікте келе жатқан италияндық барлау агенті отандасын оқтан қорғамақшы болған кезде өзіне оқ тиіп, мерт болды. Журналистің айтуынша, олар мінген көлік орташа жылдамдықпен келе жатса да, американдықтардың жаудырған оғының астында қалған. АҚШ әскери өкілдері болса керісінше, ол көлік қатты жылдамдықпен өтіп кетпек болды деп кінәлайды. Бұл оқиғадан кейін АҚШ президенті Д.Буш Италияның бас министрі С.Берлускониге телефон шалып, өз өкінішін білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG