Accessibility links

Италия прокуратурасы италияндық барлаушының Ирақтағы АҚШ әскерінің оғынан қаза болуы себептерін тергеуге кіріседі


РИМ-БАҒДАД. Бүгін Әл-Арабия телекомпаниясына берген сұхбатында Ирақтың вице-премьері Барһам Салих Ұлттық жиналыс – парламенттің бірінші сессиясы наурыздың 16-ында ашылады деп хабарлады және өзінің жаңа үкімет парламент сессиясының ашылуына дейін жасақталар деп үміттенгенін мәлімдеді. Ал оның алдында шийт мұсылмандарының “Ирақтың біріккен одағы” саяси бірлестігінің көрнекті қайраткері Абдул Кәрім Әл-Мұхаммедауи жаңа үкіметті жасақтаудың және 1 ай бұрын сайланған Ұлттық жиналыс сессиясының кешігуіне наразы болып, блоктан шықты. Қаңтардың 30-күнгі сайлауда басым дауысқа ие болған саяси блок күрд партияларымен бірге жаңа үкіметті жасақтау мәселесімен бірнеше апта бойы дауласып келеді. Ал осы кезде Италия прокуратурасы Ирақтағы АҚШ әскерінің атқылауынан құрбан болған италияндық барлаушы Никола Калипаридің өлімін тергеуге кірісетінін мәлімдеді. Ол Ирақтағы экстремистердің тұтқынында 1 айдай отырып, таяуда ғана босатылған журналист әйел Джулиана Сгренаны Бағдад әуе жайына баратын жолда АҚШ жауынгерлерінің оғынан бүркеймін деп оққа ұшты. Н.Калипаридің сүйегі бүгін Римге жеткізілді.
XS
SM
MD
LG