Accessibility links

Өткен апта басында қызметінен кеткенін мәлімдеген Ливанның бұрынғы бас министрі Омар Қарами кеше жаңа үкімет басына қайта келді


Омар Қарами елдегі саяси жағдайға байланысты ақпан айының соңғы күні үкімет басынан кететіндігін мәлімдеген болатын. Оппозиция бас министр лауазымына өз кандидатурасын ұсынбағаннан кейін, парламент мүшелері Ливан президенті Емиль Лахудпен кеңесіп, сирияшыл О.Қарамайды қайта таңдады. Ал кеше Дамаскде ондаған мың адам көшеге шығып, Сирия президенті Башар әл-Ассадқа қолдау танытты. Халықаралық қауымдастық Ливаннан сириялық әскери күштердің әкетілуін талап етуде.
XS
SM
MD
LG